fbpx

Мүлік иелері бірлестігі құру ісінде кемшілік көп Сейсенбі, 21 Қыркүйек 2021 09:36

ҚХП Павлодар филиалының активі мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) құру мәселесін талқылады.

Өткен жылдан бастап Қазақстанда ПИК-тің орнына МИБ құру реформасы басталды. Ақпараттандыру шарасының әлсіздігінен тұрғындар тарапынан жобаға қызығушылықтың төмендігі байқалады. Бұған қоса қазір көпәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсету үшін кадр даярлау мәселесі өзекті болып тұр.

Қалаларда ТКШ саласындағы мамандықтар бойынша оқыту іс жүзінде жүргізілмейді, тұрғын үй ғимараттарына қызмет көрсету стандарттары және сервистік қызмет субъектілеріне қойылатын бірыңғай талап жоқ. Тариф нақтыланбаған, сондықтан ол негізсіз көтеріледі.

МИБ-тің сервистік компаниялармен қарым-қатынасы заң жүзінде реттелмеген, ал тұрғын үй инспекциясы қызметкерлері мемлекеттік бақылауды үстірт жүргізеді.

МИБ құрудағы барлық олқылықтарды талқылағаннан кейін отырысқа қатысушылар жоба пысықталмаған, бірақ қазірдің өзінде іске асырылып жатыр деген қорытындыға келді. Сондықтан шұғыл түрде заңнамаға және Салық кодексіне түзету енгізу, тапсыру-қабылдау актілерін ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту, ТКШ саласында қызмет көрсетушілердің бірыңғай тізілімін құру және мамандар даярлау жұмыстарын ретке келту қажет деген байлам жасады.

ҚХП Павлодар облыстық филиалы

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS