fbpx

Көрсеткіш өссе де, көштің соңында Сейсенбі, 23 Ақпан 2021 08:34

Павлодарда қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешу тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті. Іс-шараны ҚХП Павлодар облыстық комитеті ұйымдастырды.

Оған облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жерді бақылау басқармаларының, құрылысшылар қауымдастығының өкілдері, ҚХП атынан сайланған Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары, партия активі қатысты.

Талқылау барысында облыстағы тұрғын үй құрылысы көлемінің жыл сайын өсіп келе жатқаны атап өтілді. Мәселен, 2020 жылы облыс бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 372,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2019 жылғы деңгейге қарағанда 112,1%-ды құрайды. 2019 жылы өңірде тұрғын үй кезегінен 213 адам үй алса, 2020 жылы 1896 тұрғын қоныс тойын тойлады.

Сонымен қатар қатысушылар көрсеткіштердің өскеніне қарамастан, пәтер алғандар саны кезекте тұрғандар санымен салыстырғанда тым аз. Ал кезекте 27 мыңнан астам адам тұр.

Жыл сайын тұрғын үй құрылысы көлемінің ұлғаюына қарамастан, Павлодар облысы еліміздің көптеген өңірлерінен әлі де артта қалып отыр. Пәтерге мұқтаж адамдардың санын қысқарту үшін тұрғын үй, әсіресе жалға берілетін тұрғын үй құрылысының қарқынын едәуір ұлғайту қажет. Сондай-ақ құрылыс салынатын аудандарға инженерлік коммуникацияларды күні бұрын жүргізу қажеттігі байқалып отыр. Бұл жағдай көбінесе тұрғын үй салу мен пайдалануға беру процесін тежейді.

Теріс факторлардың бірі – Павлодар тұрғын үйдің қымбаттауы бойынша Қазақстан қалалары арасында «көшбасшыға» айналды: 2021 жылдың бірінші айында тұрғын үй нарығындағы баға индексі 5,2%-ға өсті (Қазақстан бойынша орташа өсім 2,3%). Осының салдарынан көптеген отбасылар, әсіресе әлеуметтік қорғалмаған және жас отбасылар, тіпті «7-20-25» және «5-10-20» жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалары бойынша да пәтер сатып ала алмайды. Талқылауға қатысушылар тұрғын үйдің қолайлы құнын белгілеу және кредит беру мөлшерлемесін нөлге дейін барынша төмендету жөніндегі ҚХП-ның сайлауалды бастамасын қолдап отыр.

Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынып жатқан тұрғын үйдің сапасы төмен және жоспарлы мерзімдерді бұзу фактілері жиі тіркеледі.

230221 PavlСондай-ақ құрылыс қарқыны мен сапасын тежейтін проблемалар да аталды. Салада құрылыс материалдары мен жұмыстарына нарықтық сметалық бағаға сәйкес келмеуі, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың жетілдірілмеуі, құрылыс саласының кәсіпорындарын мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі, білікті кадрлар мен жұмыс қолдарының жетіспеушілігі секілді мәселелер бар.

Пікірталасқа қатысушылардың айтуынша, қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендету керек. Мемлекеттік қолдау тетіктерінің кең спектрін тиімді пайдаланып, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті арттыру қажет. Халық үшін, әсіресе әлеуметтік осал топтар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, тұрғын үй құрылысын дамыту жөнінде кешенді шаралар әзірлеу керек.

ҚХП Павлодар облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS