fbpx

Павлодар экологиясына енжарлық жат Жұма, 26 Ақпан 2021 08:21

ҚХП Павлодар облыстық комитетінің активі дөңгелек үстел ұйымдастырды. Онда өңірдегі экологиялық жағдай мен жер қойнауын пайдалану жайы талқыланды.

Іс-шараға экология, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары, ақпарат және қоғамдық келісім басқармаларының, «Қазгидромет» РМК филиалының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары, партия активі қатысты.

Соңғы уақытта облыс экологтары дабыл қағуда. Өйткені қысқа мерзім ішінде облыс ауаның ластану деңгейі бойынша «жетекші» позицияға шықты. Атап айтқанда, Павлодар облысы тізімде үшінші тұр.

Сондай-ақ 2020-2024 жылдарға арналған облыстың қоршаған ортаны сауықтыру бойынша қабылдаған кешенді жоспарына қарамастан, өңірде атмосфералық ауаның ластануы алаңдатарлық жағдайда. Әрине, экологиялық жағдайдың нашарлауы адамдардың денсаулығына теріс әсер етеді және аурулардың көбеюіне алып келеді.

250221 PavlodarІс-шараға қатысушылар экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар ұсынды. Экологиялық ахуалдың нашарлауына барынша «үлес» қосып отырған кәсіпорындардың ең озық технологияларды енгізу міндеттілігіне қойылатын талаптарды қатаңдату, табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын қайта қарау қажет. Қалалардың ахуалын сауықтыру мақсатында пайдалану мерзімі ондаған жылға ұласқан автокөліктердің қозғалысын шектеу, қоғамдық көліктің ескірген түрлерін неғұрлым экологиялық тиімді көлік түрлеріне ауыстыру жөнінде шаралар қабылдау керек. Уәкілетті мемлекеттік органдар экологиялық заңнаманы бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және олардың алдын алуға бағытталған мемлекеттік экологиялық бақылау мен экологиялық реттеуді күшейтуі шарт. Қоршаған ортаның ластану аймақтары мен ошақтарына үнемі мониторинг жүргізу керек және осы мәселе бойынша жариялылық қажет. Тиімді шаралардың бірі – қала аумақтарын көгалдандыру және өнеркәсіптік кәсіпорындардың айналасында жасыл белдеу құру. Стихиялы қоқыс үйінділерін болдырмау және оларды жою мәселесін бақылауға алу, халыққа экологиялық мәдениетті сіңіру керек. Ауылдық елді мекендер үшін қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының үлгілік жобаларын әзірлеу қажет.

Сондай-ақ ҚХП атынан сайланған Павлодар қалалық мәслихатының депутаттарына өз жұмысында қала мен облыстың экологиялық проблемаларын шешуге көбірек көңіл бөлу ұсынылды.

ҚХП Павлодар облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS