fbpx

«Партия дауысы» халықтың қызығушылығын тудыруда Жұма, 05 Наурыз 2021 11:54

Қазақстан Халық партиясының Павлодар облыстық комитеті «Партия дауысы» акциясын өткізді.

Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының адам көп жүретін орындарында ұйымдастырылған іс-шара барысында ҚР Парламент Мәжілісіндегі ҚХП фракциясының депутаттық сауалдары таратылып, түсіндірілді.

Жергілікті тұрғындар халық қалаулыларының бастамаларына қолдау білдірді. Ана мен баланы қолдау, бала тууды ынталандыру, балалы отбасыларды ана капиталын енгізе отырып, жеткілікті материалдық қолдаумен қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық жобаны қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныстар өте уақтылы және қажетті шешім болып табылады, деді тұрғындар. Оларды ел Үкіметі назарға алып, жүзеге асыруы керек.

050321 PavlСондай-ақ қоғам денсаулық сақтау жүйесі өз міндеттерін орындай алмайды деген пікірде. Отандық медицинадағы жағдай көптеген наразылық тудыруда. Сондықтан медициналық қызмет көрсетуді, оның қолжетімділігі мен сапасын жақсарту бойынша түбегейлі шаралар қабылдау қажет.

ҚХП Павлодар облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS