fbpx

Жекпе-жектен шеберлік сағатын өткізді Бейсенбі, 08 Сәуір 2021 11:40

ҚХП Павлодар облыстық комитеті «Грепплинг AIGA» және «Панкратион» облыстық федерацияларымен бірлесе отырып, Павлодар қаласындағы «Алмаз» спорт клубында Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күніне орай спорттық жекпе-жектің бірнеше түрі бойынша көрсетілім ұйымдастырды.

Іс-шара аясында «Павлодар облысының AIGA грепплинг федерациясы» ҚБ төрағасы Мейірхат Жүсіпов бастаған ҚХП партия ұйымы Жастар қанатының белсенділері кіші топтарда айналысатын балалар үшін грепплинг пен панкратион элементтерін көрсете отырып, шеберлік сағатын өткізді.

М.Жүсіповтің және басқа да белгілі жаттықтырушылардың шәкірттері муай-тай, грепплинг, панкратион, джиу-джитсу, қоян-қолтық ұрыс, номад ММА, жекпе-жек, кудо сияқты спорт түрлері бойынша халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

Іс-шараға 40-тан астам адам қатысты. Оның мақсаты – спортты және салауатты, белсенді өмір салтын насихаттау. Дені сау ұлтты қалыптастыру үшін балалар мен жастарды спортқа тарту қажет деп санайды ұйымдастырушылар.

ҚХП Павлодар облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS