ҚХП мемлекет халық үшін не істеуі керек екенін еске салды Жұма, 08 Қаңтар 2021 19:44

8 қаңтарда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Халық партиясын қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырылды. ҚХП атынан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар аспанға қызыл ленталы көгершіндерді ұшырды. Бұл Халық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында партия мүшелерінің өткізген алғашқы акциясы емес.

– Біздің басты мақсатымыз – қарапайым азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау. Біз әлеуметке бағдарланған Қазақстанды, заманауи экономикалық жүйені және Үкімет жұмысының ашықтығын қолдаймыз. Шенеуніктер мен мемлекеттік органдарға олар халық үшін жұмыс істеуі керек екенін еске салатын кез келді, – деді акция басталар алдында Қазақстан Халық партиясының көшбасшысы Айқын Қоңыров.

Ол бұған дейін ҚХП #Мемлекетміндетті хэштегімен виртуалды митинг өткізуді бастағанын еске салды. Барлық ниет білдірген азаматтар ақ параққа өз ойларын жазады. Яғни, мемлекет халық үшін не істеуі керек екенін жазуы тиіс.

080121CentralFlashMob

– Қазақстан Халық партиясы мемлекет қазақстандықтарды тегін және сапалы біліммен әрі медицинамен қамтамасыз етіп, бұл салаларды бизнеске айналдырмауы керек деп санайды. Мемлекет ынтымақты зейнетақы жүйесіне көшіп, ел игілігі үшін жұмыс істеген адамдар демалуы үшін зейнетке шығу жасын 60 жасқа дейін төмендетуі керек. Мемлекет банктер есебінен халық үшін де, шағын және орта бизнес үшін де несие рақымшылығын жүргізуі тиіс. Бұл Қазақстанға дағдарыстан шығуға мүмкіндік беретін мәжбүрлі шара, – деді акция қатысушыларына Айқын Қоңыров.

ҚХП Қазақстандағы салық саясатын өзгертуді қолдайды. Партия мүшелері «сән-салтанат» салығын енгізуді және қарапайым азаматтар үшін салық ауыртпалығын төмендетуді талап етеді.

– Партия тұрғын үй-коммуналдық, газ және сумен жабдықтау, білім беру және медициналық қызмет көрсету, заманауи коммуникациялармен қамтамасыз ету және көлік қызметтерін ұсыну бойынша кеңес отырыстарына жұртшылықты тартуға ниетті, – деп толықтырды сөзін Қазақстан Халық партиясының көшбасшысы.

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS