fbpx

Сараланған тариф талқыланды Дүйсенбі, 04 Қазан 2021 15:28

Қазақстан Халық партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында «Петропавл қаласындағы қоғамдық көліктің даму тенденциясы мен перспективасы» деген тақырыпта қоғамдық пікірталас өтті.

Шара шеңберінде қоғамдық көлікте жүруге енгізілген сараланған тариф мәселесі талқыланды. Жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлейтіндер үшін ол бұрынғыша 80 теңгені құрайды, ал қолма-қол есеп айырысуды қалайтындар үшін төлем 130 теңгеге дейін артады. Төлем бағасындағы мұндай айырмашылық жолаушыларды таң қалдырды.

Қоғамдық талқылауда кәсіпкерлердің базарға дейін автобус бағытының болмауына қатысты ұжымдық үндеуі қаралды. Жоғарыдағы мәселелер бойынша қала әкімдігіне сауал әзірленді.

Айта кетейік, бұған дейін 80 жаңа автобус пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 20 автобус сатып алынады.

Тасымалдаушыларға автобус сатып алуға 450 миллион теңге субсидия бөлу жоспарланып отыр.

ҚХП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS