Петропавл қалалық мәслихатына кандидаттар Күлімкөз Смаилова мен Болат Жақсылықов өздерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары барысында Петропавл қаласының бизнес қоғамдастығының өкілдерімен кездесті.
Петропавл кәсіпкерлері Қазақстан Халық Партиясының бағдарламасына қызығушылық танытып, дауыс беру күні сайлау учаскелеріне міндетті түрде баратындықтарын айтты. Сайлаушылар Қазақстандағы орта және жоғары білімнің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді және шағын және орта бизнесті қолдау, Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамыту, жастарды қолдау мәселелері бойынша ҚХП сайлауалды тұғырнамасының тармақтарына үлкен қызығушылық танытты. Олар партиялықтардың мақсаттары мен міндеттерін бизнесмендер уақытылы және қажетті шара деп санайды.
#ҚХП #НПК #QHP #Народнаяпартия #Халықпартиясы