Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Талқылаудан кейін ауыл тұрғындары өз мәселелерімен бөлісті. Бәйтерек ауылында Өзбекстан, Ресей, Моңғолия және Қытайдан келген оралмандар тұрады. Өздерінің тарихи отанына оралған адамдар бірқатар проблемаларға тап болды. Біріншісі – тұрғын үй мәселесі. 2012 жылы көшіп келгендер үшін салынған үйлер «Нұрлы көш» бағдарламасынан жалға берілетін коммуналдық тұрғын үйге ауыстырылды. Енді тұрғындармен жыл сайын бір жыл мерзімге шартқа қол қойылады. Олар «бұдан әрі не болады?» деп алаңдаулы. Екінші мәселе – электр энергиясы мәселесі. Ауылдың жартысында жарық бар да, екінші жартысында жарық жиі сөнеді. Кенттің көшесі жарықтандырылмаған. Қаңғыбас иттер балаларға қауіп төндіреді, Петропавлмен араға бір ғана автобус жүреді және жол жүру құны жоғары.
Бәйтеректің мәселелерін аудандық және облыстық атқарушы билік органдарының назарын аудара отырып шешу керек. Болмаса, Парламент Мәжілісінің депутаттарына шығу қажет.