Электоратпен болған әңгімеге СҚО облыстық сайлауалды штабының төрағасы Сергей Мартемьянов және Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың сенімді өкілі Қайсар Сәрсенбаев қатысты. Сайлаушыларды Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасымен, оның негізгі мақсаттары мен міндеттерімен, әлеуметке бағдарланған мемлекет құру жөніндегі бастамаларымен таныстырды.
Қатысушылардың пікірінше, партиялықтардың сайлауалды тұғырнамасы қазақстандықтарды толғандырып жүрген мәселелерді тез арада шешуді және іске асыруды көздейді.
#ҚХП #НПК #QHP #Народнаяпартия #Халықпартиясы