fbpx

Баршаға арналмаған мектеп Бейсенбі, 11 Ақпан 2021 08:48

ҚХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті білім мен медицинаның қолжетімділігі мен сапалылығына қатысты қоғамдық тыңдау өткізді. Тыңдау онлайн және офлайн режимде өтті. Іс-шараға ҚХП фракциясының өкілі – Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ облыстық бөлімшесінің өкілдері, сондай-ақ шенеуніктер, мектеп директорлары, мұғалімдер және ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Депутат Ирина Смирнова мемлекет білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударып, көп қаражат бөлсе де, нәтиже көңіл көншітерліктей емес екенін алға тартты.

– Қазақстанда білім алуға тең қолжетімділік қарастырылмаған. Бізде элиталық және қарапайым жалпы білім беретін мектептер бар. Қазір пандемияға байланысты көптеген балалар оқу мүмкіндігінен айрылды және жағдай тұрақтанған кезде олардың көпшілігі мектептерге оралмауы мүмкін, – деді депутат.

110221 Sevkaz

Қатысушылар атап өткендей, қазақстандық мұғалімдердің біліктілігі мен дайындығы көп нәрсені қажет етеді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ облыстық филиалының директоры Алма Мырзалимова елімізде педагогикаға бакалавриатты қайтару және дипломдарды көпшілік алдында қорғау, сондай-ақ жас мамандарды сертификаттау жүйесін енгізу өте маңызды екенін жеткізді.

Сондай-ақ пікірталасқа қатысушылар мектеп басшылығының жұмысын, мұғалімдерді даярлау жүйесін талқылады. Оқулықтардың сапасы мен қашықтан оқытудың кемшіліктерін сынға алды. Қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша министрлікке жолданатын ұсыныстар әзірленді.

ҚХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS