fbpx

Шығысқа егілген 100 шырша Бейсенбі, 06 Мамыр 2021 08:52

Өскеменде қаланы көгалдандыруға арналған «100 шырша» атты акция өтті. Оны ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің белсенділері ұйымдастырды.

Ілияс Есенберлин даңғылына 100 шырша көшеті отырғызылды. Бұл ҚХП-ның мамыр мерекелеріне орай қалаға жасаған тартуы. Осылайша, партия комитеті қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосты. Белсенділер Риддер мәслихатының депутаты, орман шаруашылығының директоры Болатжан Уезбаевқа акция өткізуде көрсеткен көмегі үшін ерекше алғыс білдірді.

– Өскемен – өнеркәсіптік қала. Сондықтан мұндағы экологиялық жағдай өте нашар, әсіресе ауа сапасы сын көтермейді. «100 шырша» акциясы арқылы жағдайда сәл де болса өзгертуге үлес қосқанды жөн көрдік, – дейді ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Анжела Горностаева.

ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS