fbpx

Аналар әлеуметтік көмекке мұқтаж Бейсенбі, 03 Маусым 2021 09:35

ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық филиалының активі өмірдің қиындығына тап болған әйелдерге заңгерлік көмек көрсету үшін Өскемен қаласының аналар үйіне барды.

Аналар үйінің меңгерушісі Наиля Оңғарбаева оңалту мен бейімделудің түрлі кезеңінен өтіп жатқан жас әйелдердің тағдырын тілге тиек етті. Оның сөзінше, мұнда кешенді әлеуметтік көмекке мұқтаж 16-30 жас аралығындғы 8 жалғызбасты ана тұрады. Аналар үйінің қызметкерлері оларға жан-жақты қолдау көрсетеді.

Партия белсенділері жас аналармен танысып, олардың мәселелеріне ортақтасты. Ал заңгер Алмас Ахатов кездесуге келген әйелдердің сұрақтарына жауап берді.

Бұдан кейін партия өкілдері «Шапағат» халықтық жобасының атынан қайырымдылық жасады.

ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бірінші хатшысы Анжела Горностаева халықтың осал тобын әлеуметтік қорғау саласында партия жүзеге асырып отырған жобаларға тоқталып, аналар үйімен ынтымақтастық жалғаса беретінін жеткізді.

ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS