fbpx

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің мүддесі қорғалуы тиіс Жұма, 09 Шілде 2021 09:01

ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Шемонаиха қаласында көшпелі отырыс өткізіп, ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелерін талқылады.

Пікірталасқа жергілікті атқарушы органдардың, шаруа қожалықтарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Олар несиенің жоғары пайыздық мөлшерлемесі, кепіл мүлкінің болмауы, субсидиялаудағы

қиындық, жанар-жағармай мен техниканың қосалқы бөлшектерінің қымбат бағасы сынды факторлар ауыл шаруашылығы саласын дамытуға кедергі келтіріп отырғанын айтты.

Мәселені шешу үшін несиелеу жүйесін жеңілдету, инвестициялық субсидия көлемін ұлғайту, құжаттар мен анықтамаларды электронды форматқа көшіру, жер телімін жалға беру рәсімінің нормативтерін оңайлату, сондай-ақ импортқа тосқауыл қойып, отандық тұқым мен тыңайтқыш өндірісін дамыту ұсынылды.

ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS