fbpx

Жазғы балалар лагері жұмысының мәселесі талқыланды Дүйсенбі, 26 Шілде 2021 13:27

ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық филиалының активі Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметкерлерімен көшпелі кеңес өткізді. Кездесу мақсаты оқушылардың жазғы демалысы мен проблемалар туралы ақпарат алу болды.

Қатысушылар демалыс орнымен танысып шыққан соң, бірнеше проблемаларды белгіледі: мемлекеттік сатып алу, әсіресе тамақ өнімдеріне арналған рәсімдерді оңайлату қажеттілігі; жолдама құнына тәуелді лагерьлерді мемлекеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі; базаны кеңейту; демалушылар мен персонал санын ұлғайту; көрсетілетін қызметтердің сапасы; корпустар мен аумақтарды жайластыру. Сонымен қатар жазда балалар лагерлерінде жұмыс істейтін педагогтардың жалақысын бастамашыл түрде емес, міндетті түрде сақтауды енгізу қажет, бұл білікті кадрлардың ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Талқылау қорытындысы бойынша партия мүшелері жазғы лагерьлердің қызметін ұйымдастыруға байланысты талаптарды нақты тұжырымдауды, ҚХП атынан сайланған Мәжіліс депутаттарына ақпарат беруді және жергілікті атқарушы органдардың талдауын ұсынды.

ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS