Елде инфляцияның, оның ішінде азық-түлік бағасының өсуі байқалып жатыр. Ал жергілікті атқарушы органдар инфляцияны тежеудің тиімді тетігін таба алмай отыр. Тұрақтандыру қоры ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын төмендету құралының бірі ғана, бірақ соңғы уақытта оған халықтың көңілі толмай жүр. Себебі өнімнің сапасы төмен және таңдау шектеулі.
Жиында тұрақтандыру қорының тиімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіргісі және жеткізгісі келетіндерге қарыз беру, сауда павильондарының санын ұлғайту, жалдау ақысын төмендету, бағаға қоғамдық бақылауды күшейту қажет екені айтылып, атқарушы билікке ұсыныс жасалды.
ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы