fbpx

Кәсіподақтардың міндеті – қызметкерлердің құқығын қорғау Жұма, 10 Маусым 2022 14:44

Қазақстан Халық партиясының өкілдері «ШҚО мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің VII кезекті пленумына қатысты.

Шара шеңберінде кәсіподақтардың стратегиялық міндеттері талқыланды. ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы Анжела Горностаеваның айтуынша, кәсіподақтар өздерінің тікелей міндетін орындауға қайта оралуы керек.

– Олар Еңбек кодексінің бұзылмауын, жұмысшылардың заңға сәйкес жалақы алуын қадағалауы тиіс, – деп түсіндірді А. Горностаева. – Қызметкерлер тиісті төлемдері мен өтемақыларын алып отыру керек.

Дәл қазір осыған байланысты медицина саласында мәселе бар. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлер үшін біліктілік санаттарын алып тастады. Заңнамалық базаның жетілмегеніне байланысты бұл шешімнің орындалуы бір жыл кейінге шегерілді. Кәсіподақтар медицина қызметкерлеріне санат үшін қосымша төлемдерді сақтау үшін салалық келісім жасау туралы бастама көтерді.

Қазақстан Халық партиясы кәсіподақтарм ен цынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

– Мен ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу туралы ХЕҰ-ның 131 Конвенциясын ратификациялауды әзірлейтін «Ынтымақ» үйлестіру кеңесінің мүшесімін. Атқарылып жатқан іске партия белсенді араласып жатыр, – деді А.Горностаева.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS