fbpx

Жеке тұрғын үй құрылысы – тығырықтан шығарар жол Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 08:28

ҚХП Семей қалалық комитетінің белсенділері қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешу тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Отырысқа қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары, партия белсенділері қатысты.

Ұйымдастырушылар Халық партиясы фракциясының әрбір қазақстандыққа жеке құрылыс үшін 20 сотық жер беру туралы депутаттық сауалымен таныстырды. Бастама қазақстандықтар арасында қызығушылық пен қолдау тудырды. Өйткені азаматтарымыздың басым бөлігі үшін өзіне тиесілі жердің болуы маңызды. Сондай-ақ пікірталасқа қатысушылар Семей тұрғындарының тұрғын үй деңгейі мен сапасын да талқылады.

Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы әлі де өткір тұр. Қазақстандықтардың бәріне ипотека қолжетімді емес, ал тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» жинақтардың сомасы жетпейді. Стратегиялар мен мемлекеттік бағдарламалардың көптігіне қарамастан, адамдардың өмір сүру деңгейі бойынша нақты бағдарлар жоқ. Ал нақ осы уақытта халық кедейлене түсуде. Мәселен, қазақстандықтардың доллардағы табысы 2008 жылдан бастап үнемі төмендеп келеді. Мұндай жағдайға жол берілмеу керек. Әркімнің лайықты өмір сүруге мүмкіндігі болуы тиіс. Қоғамның кедейлер мен байларға бөлінуі қоғамның тұрақсыздануындағы жүйелік тәуекелдерді көтереді. ҚХП орта тап басымдыққа ие қоғамды қолдайды.

Табыс критерийлерінің бірі – жеке тұрғын үйдің болуы. Бұл отбасылық, әлеуметтік әл-ауқаттың негізі. Қарқынды тұрғын үй құрылысы тек нарықтық міндеттерді ғана шешеді. Яғни құрылысшылар мен инвесторларды ғана байытады. Алайда әлеуметтік мәселелерді айналып өтеді. Үйлер мемлекет есебінен салынатын болса да, өкінішке қарай кейде қуаныштың орнына сапасыз құрылыс пен бюджет қаражатын тонауға байланысты жанжалдар «салтанат» құрады.

Өкінішке қарай, қалаларда жеке тұрғын үй құрылысы үшін әрбір отбасыға 10 сотық жер беру туралы қолданыстағы норма іске асырылмайды. Себебі ешкім бұл мәселені шешуге тырыспаған. Бұл жердегі мәселе инфрақұрылым немесе жер тапшылығына байланысты емес. Аталған тәсілдің өзі нақты есептеулермен негізделмеген. Оны жүзеге асыру үшін ешкім жауап бермейді.

240221 SemeyӘсіресе, баспана мәселесі жалақысы 110 000-120 000 теңгеден төмен адамдар үшін өзекті. Бұл – ел халқының негізгі бөлігі. Қазақстан Халық партиясы Үкіметті әркімнің өзіне үйін салуына жағдай жасауға шақыруда. Сондықтан жер учаскелерін беру жеке бағдарламаға немесе ұлттық жобаға лайық. 20 сотық жер бөлу – кедейлікпен күрес және ауқатты қоғам құру. Бұл ретте, жер беру шығынды әлеуметтік бастама емес екенін атап өткен ләзім. Дұрыс есептей білсе, оның прагматикалық экономикалық маңызы да зор.

Жеке тұрғын үйдің жаппай құрылысын қажетті материалдар мен тауарлардың отандық өндірісін дамытудың ойластырылған бағдарламасымен сүйемелдеу қажет. Сондай-ақ жобалау, коммуникацияларды жүргізу, дизайн, энергиямен қамтамасыз ету, сервис секілді қызметтерді қоса дамыту керек. Бұл бастама экономиканы әртараптандырудың негізі болуға қабілетті. Төменгі экономикалық белсенділікті жандандыратын тетіктердің біріне айнала алады.

Талқылаудан кейін қорытынды құжат қабылданды. Онда қатысушылардың жеке тұрғын үй құрылысына, елдің әрбір азаматына мемлекеттен жер беруге қатысты ұсыныстар көрініс тапты.

ҚХП Семей қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS