fbpx

Семейдің ауасы қашан тазарады? Жұма, 26 Ақпан 2021 08:24

ҚХП Семей қалалық комитетінің белсенділері қаланың атмосфералық ластануына қатысты қоғамдық пікірталас өткізді. Шара барысында мәселенің туындау себептері мен шешу жолдары талқыланды.

Пікірталасқа ҚХП депутаты, Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зульфар Жолдасов, қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев, Қоғамдық кеңестің мүшесі Николай Исаев, қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат Смағұлов, ҚХП ШҚО облыстық комитетінің хатшысы Сергей Михеев, ТҮКШ, энергетика басқармасының, «Отбасы орталығы» ҚҚ өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы шақырылды. Пікірталас онлайн және офлайн форматта қатар ұйымдастырылды.

Отырыстың модераторы, қалалық комитеттің бірінші хатшысы Оксана Шишкина пікірталастың мақсатын түсіндіріп өтті.

– Семейдегі экологиялық жағдай өзекті. Әсіресе атмосфера ластанған. Бұл сұрақ бірнеше рет көтерілді. Бірақ жағдай өзгерген жоқ. Енді халық мұндай жағдайдың нақты себебін естігісі келеді және жағдайдың түзелгенін қалайды. Біздіңше, бұған қалада ескірген көліктердің көбеюі, сапасыз бензин, пайдаланылатын газдардың көптігі түрткі болып отыр. Бұдан бөлек, көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО мен жеке тұрғын үй секторы да ерекше «үлес» қосуда. Бұдан бөлек, қаланы көгалдандыру жұмысы нашар. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары көп, – деді ол.

Экологиялық реттеу комитетінің төрағасы фактілерді жоққа шығармады. Шынында да, ауа сапасына қатысты жағдайды жақсарту керек.

Пікірталасқа қатысушылар қала тұрғындары арасында тыныс алу және жүрек-қан тамырлары ауруларының өскенін атап өтті.

Қатысушылар қаланың қоршаған ортасы мен атмосферасын қорғау жоспары болуы керек деген тоқтамға келді. Бұл ретте келесідей ұсыныстар айтылды: жылу станцияларын және жеке секторды көмірден газға ауыстыру, жанар-жағармай станцияларын қала сыртына шығару, қалалық автопаркті жаңарту, пайдаланылған газдардың шығарындыларына бақылауды күшейту және «түтіндейтін» автокөлік иелеріне айыппұл салу. Жолдарды жөндеп, олардың жағдайын қадағалап, жаз мезгілінде шаңын басып отыру керек. Полигондарды, әсіресе стихиялық қоқыстарды жою, жағалауларды қоқыстардан тазарту, қоқысты жағуға тыйым салу секілді ұсыныстар айтылды. Қаланы сапалы және үдемелі көгалдандыруды жүргізу міндетті шаруаға айналуы керек. Экологиялық айыппұлдар аумақты абаттандыруға және жасыл желектерді отырғызуға бағытталуы қажет. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік айыппұлдарды ұлғайту керек. Экологиялық айыппұлдар мен салықтарды пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету де маңызды. Экологиялық кодекске түзетулер енгізу де кезек күттірмес шаруа.

260221 VKO– Өңірдегі ауа тазалығы мен қоршаған ортаны қорғауға жауапты барлық құрылымның жұмысын реттейтін кез келді. Әдемі сөздер мен іске асырылмайтын жоспарлар көп. Қалалық атқарушы және қоғамдық ведомстволар мен мекемелердің жауапкершілігін күшейту қажет. Олар қадағалаушы органдарға, жұртшылыққа, БАҚ-қа Семейдің экологиялық жай-күйінің бұзылғаны туралы сигнал беруге тиіс. Біздің партия ұсынған іс-шаралар қалалық бюджет үшін ауыр салмақ екенін түсінемін. Дегенмен, экологиялық жағдайды жақсарту үшін тараптар арасында ымыраға келу керек және ортақ күш-жігермен қала тұрғындарының таза ауамен дем алуына қол жеткізу керек, – деді Оксана Шишкина.

Қоғамдық талқылау соңында қарар қабылданды. Ол ҚР Парламенті Мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану комитетіне, өңірлік экология департаментіне жолданды.

ҚХП Семей қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS