fbpx

Жетімдер жайы талқыланды Жұма, 02 Сәуір 2021 11:47

ҚХП Семей қалалық комитетінің бастамасымен дөңгелек үстел өткізіліп, онда жетім балалар мен мүгедектігі бар балаларды әлеуметтік қорғау мәселелері қаралды.

Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің, қамқоршылық және қорғаншылық органдарының, №8 балалар үйі мен жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың, «Отбасы орталығы» қоғамдық қорының, «Улыбка детей» қайырымдылық қорының өкілдері, балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері, партия активі қатысты.

Семей қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Оксана Шишкина балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталықтары болып қайта ұйымдастырылатынын жеткізді. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында жалпы контингенті 692 бала болатын төрт «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған сегіз білім беру ұйымы жұмыс істейді. Жетім балаларды әлеуметтік қорғау проблемаларының бірі – оларды мемлекеттік қордан жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету.

№8 балалар үйінің әлеуметтік педагогы тәрбиеленушілерде тіркеу орнын ауыстыруға байланысты кезек мәселесі туындағанын атап өтті. Сонымен қатар балалар үйінің түлектері баспана кезегін тым ұзақ күтеді.

Қалалық білім беру бөлімінің әдіскері тағы бір мәселені көтерді – қала маңындағы ұйымдардың қамқорлығындғы балалар тұрғын үй кезегіне тұра алмайды. Өйткені оларда қалалық тіркеу жоқ. Әзірге бұл мәселе шешімін таппады.

Бұдан кейін балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері Галина Виноградова (ІІ топтағы мүгедек, жетім) және Надежда Петкова (II топтағы мүгедек, жетім) тұрғын үй жағдайын жақсарту туралы өтініш айтты. ТҮКШ басшысының орынбасары Мұздыбай ауылынан жалға берілетін тұрғын үй ұсынды.

Шара соңында қорытынды құжатқа бірқатар ұсыныстар енгізілді.

ҚХП Семей қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS