fbpx

Су тасқынына қалай тосқауыл қоямыз? Дүйсенбі, 05 Сәуір 2021 08:22

ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті активінің бастамасымен өңірдегі су тасқыны жағдайына қатысты дөңгелек үстел өтті. Оған облыстық ТЖД, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен партия белсенділері қатысты.

Мақсат – өңірдегі су тасқынының алдын алу және ескерту бойынша жергілікті атқарушы билік пен салалық қызметтер мен ведомстволардың қабылдап жатқан шараларын талқылау.

–  2019 жылдың көктемінде Аягөз, Шемонаиха, Глубокое, Зырян аудандары және Семей қаласы су тасқынан зардап шекті. Оның залалын жоюға қыруар қаржы жұмсалды. Биыл 100-ге жуық елді мекенге қауіп төніп тұр. Бұған дейінгі қателікті қайталамас үшін шараларды пысықтап алу керек. Шараны да сол үшін ұйымдастырдық, – деді ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Анжела Горностаева.

Кездесуге келген төтенше жағдай қызметінің өкілдері қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Биыл әкімдік жерді қашықтан зондтаудың спутниктік суреттері арқылы өңірдегі қар қорының жай-күйіне күшейтілген мониторинг жүргізуге 251,6 млн теңге көлемінде қаражат бөлген. Күн күрт жылынған жағдайда су тасқыны қаупі жоғарылайды. Су басуы мүмкін аймақтарда 94 елді мекен, 22,6 мыңнан астам адам тұратын 7 191 тұрғын үй бар. Жалпы, су тасқыны алдағы ауа райына байланысты болады. Ауа райы нашарлаған кезде су тасқыны туындауы мүмкін 19 елді мекен анықталған.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының қызметкерлері Болат Бәтібаев пен Жадыра Мұстафина «ШҚО бойынша 2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасы аясында өткізілген іс-шаралар туралы айтып берді.

Өскемен қаласы әкімдігінің маманы К.Мұқажанов қаладағы су басу қаупін жою үшін қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты ұсынды.

Қатысушылар атқарушы биліктің өңірдегі су тасқыны қаупінің алдын алу үшін қабылдап жатқан шараларына оң баға берді.

ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS