fbpx

Үстел теннисінен сынға түсті Сейсенбі, 06 Сәуір 2021 10:16

ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің активі Өскемендегі «Арена» спорт залында Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай спорттық іс-шара өткізді.

Үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды. Оған «Үстел теннисі орталығы» қалалық клубының белсенділері мен әуесқой спортшылар қатысты. Барлығы 16 қатысушы ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің Кубогын сарапқа салды.

Турнир қорытындысы бойынша Өскемен қаласының ең беделді әуесқой теннисшілерінің бірі Алексей Ладный жеңімпаз атанды. Сайысқа белсенді қатысқан партия ұйымының бірінші хатшысы Анжела Горностаева Алексейдің салауатты өмір салтына деген көзқарасын, жоғары өмірлік ұстанымын және кәсіби және тұрмыстық міндеттерді жеңудегі оптимистік көзқарасын өзгелерге үлгі етті. Турнир қатысушылары партия комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS