fbpx

Полигон жабылды, мәселе қалды Бейсенбі, 15 Сәуір 2021 09:11

ҚХП Семей қалалық комитетінің активі Мәжіліс депутаттарымен, жергілікті атқарушы органдардың және облыстық қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп Zoom алаңында «Үнсіздіктегі 30 жыл. Полигон жабылды, проблемалар қалды».

ҚХП мәжілісмендері өз үндеуінде ядролық сынақтардан зардап шеккен өңірлердің проблемаларын қарау және шешу үшін Үкіметтің вице-премьері бастаған ведомствоаралық комиссия құруды сұрады. Бұл тек ШҚО ғана емес, Павлодар және Қарағанды облыстарына да байланысты. Өкінішке қарай, жұмыс тобының құрамына ұзақ уақыт бойы осы мәселемен айналысып келе жатқан депутаттар мен жұртшылық өкілдері кірмеген.

Халықты оңалту деген тек ақшалай және басқа да материалдық жәрдемақылар ғана емес. Адамдардың өмір сүру сапасы – кең ұғым. Мәселен, Жапонияда оңалтудың кешенді әлеуметтік-экономикалық құрамдас бөлігіне баса назар аударылған және оған медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі, сапалы білім, лайықты жалақымен жұмысқа орналасу кіреді.

Мәселені шешудің осындай тәсіліне сүйене отырып, жұмыс тобын вице-премьер басқарғаны жөн болар еді. Ал жұмыс тобының өзі төлемдер бөлігінде Заңның ережелерін ғана емес, азаматтарды қолдау жөніндегі барлық ықтимал шараларды ескере отырып, мәселеге кешенді түрде қарауы керек.

Премьер-Министр ҚХП фракциясының депутаттық сауалына берген жауабында әлеуметтік қорғау жөніндегі әрбір іс-шараны жүзеге асыру алдында алынған сәулелену дозаларына білікті сараптамалық баға берілуі тиіс екенін айтты. 30 жыл өтті, бірақ әлі күнге дейін алынған дозаларды бағалау мәселесі өткір тұр. Зардап шеккендер бойынша деректерді өзектендіру үшін тиісті қаржыландыру жоқ. Автоматтандырылған режимде ХҚКО арқылы дербес есепке ала отырып, мемлекеттік тіркелімді құру қажет екені анық.

Қазіргі уақытта радиациялық медицина ҒЗИ Семей қаласының медицина академиясының құрамына кіреді. Талқылауға қатысушылар аталған институтты тиісті бюджетпен кеңейтуді және оған республикалық ҒЗИ мәртебесін беруді ұсынды. Бұл радиацияның әсеріне ұшыраған аумақтарды белсенді зерттеуге, сондай-ақ тиісті мұрағаттық деректерге ие Ресей Федерациясымен ынтымақтасуға мүмкіндік береді.

150421 semeyPoligon

«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына қатысты бір ой. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қабылданған заңның алғашқы редакциясы Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасқан және берік экономикалық іргетасы бар қазіргі редакцияға қарағанда жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы тармақтарға ие. Сондықтан жұмыс тобының мүшелері ядролық жарылыстар болған басқа елдердің тәжірибесін зерделеуі керек. Ресейдің Алтай аймағындағы СИЯП аумағынан көшіп келген азаматтардың артықшылықтары көп: федералды деңгейде де, аймақтық деңгейде де артықшылыққа ие.

Экономикалық оңалту да қажет-ақ. Өткен жылдар ішінде облыс орталығы таратылып, Семей өңірінде сегіз аудан жабылды. Бұл ауылдық елді мекендерде халықтың азаюына, болашағы жоқ ауылдардың пайда болуына, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қысқаруына және тиісінше Семей қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының жабылуына әкеп соқты. Сондықтан өңірдің әкімшілік-аумақтық құрылымын қайта қарау қажет. Семей қаласы мен оған іргелес жатқан ауылдық елді мекендердің бизнес-бастамаларын қолдайтын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация тәрізді жергілікті даму институты қажет.

Үкімет өткен жылғы карантин кезінде өңірлерде 13 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасын салуды жоспарлады. Бірақ олардың қатарына Өскемен де, Семей де кірген жоқ.

ҚХП Семей қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS