fbpx

Қоғамдық көлікте қордаланған мәселе көп Дүйсенбі, 19 Сәуір 2021 07:06

Өскеменде ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бастамасымен былтырғы шектеу шараларынан кейінгі өңір бизнесінің жағдайына қатысты дөңгелек үстел өтті.

Талқылауға «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, кәсіпкерлер кәсіподағының, Өскемен мәслихатының, Өскемен әкімдігіне қарасты бөлімдердің, саяси партиялардың облыстық филиалдарының, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – атқарушы биліктің 2020 жылы коронавирус инфекциясына байланысты шектеулерінен кейін өңірлік экономика мен ШОБ-ты қалпына келтіру бойынша қабылдап жатқан шараларын талқылау, сондай-ақ мемлекеттің осындай күрделі жағдайларда халық пен бизнесті қолдау бойынша жасап жатқан жұмыстарын бағалау.

Отырыста Өскемен қаласындағы жолаушылар көлігінің шектеу шаралары кезіндегі жұмыс жағдайына, сондай-ақ қоғам мен тасымалдаушылардың көлік жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарына ерекше назар аударылды.

Қалалық тасымалдаушылар қауымдастығының төрағасы Николай Масич саланың қандай жағдайда екенін дәлелді түрде түсіндіріп, оның толық қараусыздығын атап өтті. Мемлекеттік құрылымдар тарапынан ойластырылмаған шешімдер қабылданатынын еске салды. Атап айтқанда, қазіргі уақытта қоғамдық көлік кәсіпорындарында жүргізуші құрамының тапшылығы шамамен 300 адамды құрайды. Жұмыс істейтін жүргізушілердің 37%-ы әне-міне зейнетке шықпақ, 15%-ы таяудағы 2-3 жылда зейнеткерлер қатарын толықтырады. 30 жасқа дейінгі жастардың үлесі бар болғаны 2% ғана.

Қалалық көлік жүргізушісі беделді мамандық емес.  Бұған жалақының төмендігі, екі ауысымды жұмыс режимінің болмауы, қалада қозғалыстың жоғары қарқындылығы, автоәуесқойлардың қағидаларды көп бұзуы себеп. Кеңес кезеңінде жас кадрларды тарту үшін жоғары жалақыдан бөлек, белгіленген жастан 5 жыл бұрын зейнетке шығу және тұрғын үй беру қосымша ынталандыру шаралары қабылданатын. Қазір мұндай жеңілдіктер жоқ. 2015 жылы Жол қозғалысы ережелеріне жүргізушілерге жаңа талаптар енгізілген кезде жағдай ушығып кетті. Ережелер бойынша автобустарды кемінде 25 жастағы, кемінде 5 жылдық жалпы жүргізушілік өтілі және «D» санаты бойынша 3 жылдық өтілі бар адамдар басқара алады.

Қалалық автобус паркінің техникалық жағдайы, оның экологиялық талаптарға сәйкес келмеуі де алаңдаушылық тудырады. Жаңа траспортты енгізу және ескі траспортты шығару уақтылы жүргізілмейді. Бірақ көлік құралдарын жаңарту жүргізілсе де, егер «D» санатындағы жүргізушілерді даярлау бойынша шаралар қолданылмаса, онда қоғамдық көлікті ешкім жұмыс істемейтін болады.

Отырысқа қатысушылар ҚХП партия комитетінің хатшысы Сергей Михеевтің шектеу шаралары кезінде жергілікті атқарушы органдар өздерінің ойластырылмаған әрекеттерімен қалалық көліктің жағдайын ушықтырды деген пікірімен келісіп отыр. Карантиндік шараларға дейін Өскеменде автобус маршруттарының тұрақтылығы 90%-ды құрады, қазір бұл көрсеткіш нормативтен 70%-ға дейін төмендеді.

Партия комитетінің бірінші хатшысы Анжела Горностаева қалалық жолаушылар көлігінің жағдайы туралы жалпылама ақпарат беріп, кездесуде айтылған ұсыныстарды Өскемен қалалық мәслихатының талқылауына шығаруды ұсынды.

ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS