fbpx

Мүгедек балалар қолдауға мұқтаж Жұма, 30 Сәуір 2021 09:45

ҚХП Астана қалалық комитеті мүгедек балалардың әлеуметтік мәселелері тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру ведомстволарының, елордалық ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ қалалық комитеттің белсенділері және ҚХП фракциясының депутаттары қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, пікірталастың басты мақсаты – шенеуніктерді мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен қамқоршылардың әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шағымдарымен, ұсыныстарымен таныстыру. Партиялықтардың пікірінше, дәл осындай шаралар арқылы саладағы негізгі тақырыптарды талқылап, нақты мәселелерді анықтауға және оның шешу жолдарын іздеуге мүмкіндік бар.

Ал әзірге шенеуніктер мен қарапайым халық әртүрлі кеңістікте өмір сүріп келе жатқан сыңайлы. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті директорының орынбасары Бибігүл Иманғалиева өз сөзінде оңалту орталықтарының санын арттыру, мүгедек балалардың өмірін жеңілдету үшін заңнамаға енгізілген түзетулер туралы айтып берді. Денсаулық сақтау министрлігінің ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары Олжас Ысқақов оңалту жүйесіндегі және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі өзгерістерді ортаға салды. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын кеңейту жайын әңгімеледі.

300421 AstSpBif 2

Мүгедек балалардың аналары да бірқатар мәселені айтып берді. Мәселен, шенеуніктер жасаған портал жұмыс істемейді. Санаторий-курорттық емдеу және оңалту шаралары әшейін есеп үшін жүргізіледі. Тиісінше, бұдан ешқандай пайда жоқ. Оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары жүрдім-бардым жүргізіледі. Мектептер, колледждер және басқа да білім беру мекемелері арбадағы балалар үшін физикалық тұрғыдан қол жетімсіз. Spina Bifida диагнозы бар балаларға мемлекет тарапынан бөлінетін жөргектер жетіспейді.

– Билік біздің мәселеге бас ауыртпайтын секілді, – дейді «Қорғау» халықаралық медиация және келіссөздер академиясы» қоғамдық қорының басшысы Әсел Сайлаубай.

Ұстанымдардың әртүрліліген қарамастан, тараптар белгілі бір консенсусқа қол жеткізіп, одан әрі бірлесе жұмыс істеу туралы келісімге қол жеткізді. Ондағы мақсат – елдегі мүгедек балалардың жағдайын жақсарту.

300421 AstSpBif 1

– Мұндай іс-шаралардың маңызы зор. Шенеуніктің кабинетінен халықтың қалай өмір сүріп, нендей қиындықтармен бетпе-бет келіп жатқаны көрінбейді, – деді ҚХП атынан сайланған Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов.

Өз кезегінде Халық партиясының өкілдері айтылған проблемаларды шешу үшін оларды жұмыс тобы деңгейінде, заңнамалық деңгейде қарастыруға ниетті. Ал кейбірін министрліктермен бірлесіп шешуге тырысады.

– Бұл өте пайдалы шара болды. Біздің депутаттар көпбалалы аналармен, мүгедек жандармен жиі кездеседі. Бүгін ерекше балалардың мәселелерін талқыладық. Біз олардың өмірін жақсартуға тырысамыз, – деді Е.Смайлов.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS