fbpx

Жетімнің ақысын жемеу керек Дүйсенбі, 28 Маусым 2021 09:48

ҚХП Астана қалалық филиалы жетім балаларды қорғау мәселесін күн тәртібіне қойды.

Жиынға Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, сонымен қатар Жастар саясаты басқармаларының және «Не молчи» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.

Отырыста жетім балаларды жоғары біліммен қамту, оларға жатақханадан орын беру мәселесі талқыланды.

Басқосу барысында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне пәтер беру, оларды  жұмысқа орналастыру сынды әлеуметтік мәселенің өзектілігі жойылмағаны жарияланды.

Кездесу соңында партия мүшелері ҚХП заңгерлері мен мәслихат депутаттарын жұмылдырып, жетім балаларға дер кезінде көмек көрсету үшін «Не молчи» қорымен әріптестік орнатуды ұсынды.

ҚХП Астана қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS