fbpx

Елорда саябақтарындағы ағаштар қурап жатыр Дүйсенбі, 19 Шілде 2021 11:13

Қазақстан Халық партиясының Астана қалалық филиалы «Нұр-Сұлтан қаласын абаттандыру мен көгалдандыруды бақылау» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараны ұйымдастыру алдында партия өкілдері қаланы көгалдандыру сапасына мониторинг жүргізді. Тексеру барысында елорданың 4 ауданында солып қалған ағаштардың бар екені анықталды

«Ататүрік», «Көктал» саябақтарындағы ағаштардың жартысынан астамы қураған.

– Көгалдандырудың негізгі проблемасы: еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жоқтығы. Ағаш оырғызу орнын дұрыс таңдамау және топырақтың құнарсыз болуы, – деп түсіндірді «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің өкілдері.

Сарыарқа әкімдігінің өкілдері «Көктал» саябағы өткен айда ғана олардың бақылауына өткенін, бұған дейін қоршаған ортаны қорғау басқармасының бақылауында болғанын мәлімдеді.

Қос әкімдік көгалдандыру жағдайын жақсартуға уәде берді және күзде мердігер компания кепілдік бойынша 2 саябаққа жаңа көшет отырғызатынын мәлімдеді.

ҚХП Астана қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS