fbpx

Мектептер оқушыларды қабылдауға дайын Бейсенбі, 19 Тамыз 2021 11:03

Қазақстан Халық партиясының Астана қалалық филиалы онлайн-режимде мектептердің дәстүрлі оқыту форматына көшуіне қатысты дөңгелек үстел өткізді.

Жиынға Нұр-Сұлтан қаласы білім департаментінің өкілдері, партия мүшелері және ата-аналар қатысты.

Негізгі баяндаманы жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдіснамасы бөлімінің басшысы Асыл Амангелдіқызы жасады. Ол биыл 1 сыныпқа 23 мың оқушы қабылданғанын хабарлады.

«Мұғалімдер мен техникалық қызметкерлердің 95% екпе алды. Ashyq қосымшасы 81 мектепте енгізілді, қалған мектептерде 1 қыркүйекке дейін қолданыста болады. Оқушылардың дәліздер мен асханаларда топтаспауы үшін икемді кесте жасалып жатыр. Ал сыныпта бір партада бір оқушы отырады. Оқушылар медициналық маскамен тегін қамтамасыз етеді. Мектептер балаларды қабылдауға дайын, – деді А.Амангелдіқызы.

ҚХП Астана қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS