fbpx

Заң талабын күшейту қажет Дүйсенбі, 13 Қыркүйек 2021 13:50

Қазақстан Халық партиясының Астана қалалық филиалы «Қорқынышсыз өмір: тұрмыстық, отбасылық, физикалық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және онымен күресу жолдары» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Жиынға филиал белсенділері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі полиция бөлімшесінің қызметкерлері, ҮЕҰ, дағдарыс орталықтарының өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Аға инспектор Гүлмира Шрахметованың айтуынша, соңғы 8 айда отбасылық-тұрмыстық қатынас саласында құқыққа қайшы әрекет еткені үшін 1 564 азамат жауапкершілікке тартылды. Бұл – ресми дерек.

– Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны үнемі психологиялық қысымға ұшырайды, – деді Гүлмира Шрахметова. – Сондықтан жәбірленуші көбінесе өтініш жазудан және мәселені талқылаудан бас тартады.

Пікірталас қорытындысында қатысушылар әйелдер мен балаларды отбасындағы зорлық-зомбылықтан қорғау үшін заң талабын күшейту қажет деген байламға келді.

ҚХП Астана қалалық филиалы

Осы категорияда « Қымбатшылық қысып тұр

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS