Құжатқа ҚХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов пен өкілдіктің директоры Гүлнар Азгушкарова қол қойды. Меморандум Қазақстан Халық Партиясының қоғамдық қабылдауының қызмет көрсету аясын кеңейту мақсатында жасалды.
– Енді қаламыздың тұрғындарына білікті медиаторлар көмек көрсететін болады. Осылайша, біз көптеген мәселелерді сотқа жеткізбей шеше аламыз және соттан кейінгі мәселелерді шешу оңайға түседі. Біз халық құқығын қорғау үшін басқа да бірлестіктермен ынтымақтасуға дайынбыз, – деді Нұрдәулет Оразханов.
ҚХП Астана қалалық комитеті