fbpx

Баспанаға мұқтаждық мемлекеттік мәселеге айналды Дүйсенбі, 01 Наурыз 2021 09:15

ҚХП Астана қалалық комитеті қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешу тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді.

Оған елорданың тұрғын үй қоры мен «Отбасы банкінің» өкілдері, сондай-ақ қоғам және қалалық комитеттің белсенділері қатысты.

Ұлттық талдау орталығының әлеуметтік сауалнамасына сәйкес, қазақстандықтардың 66 пайызы тұрғын үйге мұқтаж. Оның ішінде 30 пайыздан астамының баспанасы мүлдем жоқ. Алайда тұрғын үй мәселесі еліміздің көптеген азаматтарын алаңдатады.

– Республикада түрлі тұрғын үй бағдарламалары бар. Бірақ олардың бәрі әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер мен мұғалімдер, жастар мен аз қамтылған отбасылар үшін қолжетімді деп айта алмас едік, – деді ҚХП Астана қалалық комитетінің хатшысы, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Нұрдәулет Оразханов.

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кезегінде 50 мыңға жуық адам тұр. Онда 2004 жылдан бері тұрған мұқтаж отбасылар да бар. Кезек кемудің орнына, үнемі өсіп келеді.

– Бұған таң қалудың қажеті жоқ. Елордадағы пәтердің ең төменгі құны 10 миллион теңге болса, жалақысы 100-150 мың теңгені құрайтын қарапайым жұмысшы адам ипотека үшін бастапқы жарнаны да жинақтай алмайды. Егер мүмкіндігінше айына өз табысының шамамен 10 пайызын жинаса, онда бұған 15-20 жылға кетеді, – деді қатысушылар.

Әрине, елімізде қазақстандықтарға қолжетімді бағдарламалар жасалуда. Олардың қатарында «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» үкіметтік жобалары және тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Өз үйім» жеке бағдарламасы бар. Жастар мен көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй бағдарламалары да жоқ емес. Алайда жеңілдік шарттарымен пәтер сатып алу оңай емес. Бюджет қызметкерлері де жалға берілетін тұрғын үйлер қолжетімді емес деп шағымданады.

–Қазақстандықтардың өмір сүру сапасының ең төменгі стандарттарын заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Сондай-ақ жас отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендету маңызды, – дейді ҚХП мүшелері.

010321 Ast 1010321 Ast 2
Сонымен қатар партия әр қазақстандық отбасыға үй салуға және үй шаруашылығын жүргізуге 20 сотық жер беруді ұсынды. Мемлекет өз тарапынан осы учаскелерге барлық қажетті инфрақұрылымды жүргізуге тиіс.

Талқылау қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

ҚХП Астана қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS