fbpx

Әйелдерді қорғайық! Жұма, 05 Наурыз 2021 12:23

ҚХП Астана қалалық комитеті гендерлік саясат тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған әкімдіктің, дағдарыс орталықтарының, ҮЕҰ-дың өкілдері мен партия белсенділері қатысты.

Партия комитетінің жауапты ұйымдастырушысы Айна Өстемірова атап өткендей, бүгінде әйелдер ерлермен қатар әлеуметтік-экономикалық, саяси жұмыстарға да белсене араласуда.  

– Аталған тенденция біздің елде де кеңінен таралуда. Оның бәрі батыс елдерінен келіп жатқаны белгілі. Бірақ біз бұл бағытта өз тәжірибемізді қалыптастыруға тиіспіз, – деді ол.

Оның айтуынша, біздің қоғам экономикалық, саяси тұрғыдан әйелдер теңдігіне қол жеткіземіз деп, отбасы ішінде қалыптасып жатқан проблемаларды назардан тыс қалдырып отыр. Мәселен, тұрмыстық зорлық-зомбылық белең алды. Бірақ бұл жайында мәселе көтеріп жатқандар шамалы.

Аталған мәселе жайында полиция департаменті мен дағдарыс орталықтарының өкілдері де өз ойын ортаға салды.

050321 NurS 1050321 NurS 2
Әйелдердің қоғамдағы рөлінің жоғары екені де айтылмай қалмады 

– Қазақстандағы митингтерге негізінен әйелдер шығады. Олар зейнетақының көтерілгенін қалайды, әлеуметтік осал топтарды қолдау жолға қойылса дейді. Мүгедектердің мүддесін де солар қорғап жүр, – деді қатысушылар.

Елдегі білім мен медицинаның сапасына, қолжетімділігіне қатысты мәселені де әйелдер көтеруде.

– Бала тәрбиесіне әкелер көп араласа бермейді. Тіпті, кейбірі өз балаларын асырау үшін алимент төлемейді. Бұл тұрғыдан гендерлік саясат дұрыс жұмыс істемей тұр. Ал әйелдер негізгі жұмысынан бөлек, бала тәрбиесімен айналысады. Олардың еміне де солар жауапты, – дейді қатысушылар.

Шара соңында біздің елде гендерлік саясатқа қатысты 28 заңнамалық акті бары атап өтілді. Олардың жұмыс істеуін жетілдіру керек. Сол үшін жиында ұтымды ұсыныстар айтылды.

ҚХП Астана қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS