fbpx

«Сайрам-Түркістан» марафоны мәреге жетті Сәрсенбі, 05 Мамыр 2021 09:13

ҚХП Түркістан облыстық комитетінің скандинавиялық жүріс бойынша марафоншылар тобы Түркістандағы Ахмет Ясауи кесенесіне жетті.

Естеріңізге сала кетейік, қашықтықтың ұзындығы 300 шақырымнан асты. Спортшылар жолға Сайрамнан шықты. Олар Ордабасы, Арыс, Отырар, Сауран аудандарын басып өтті. Марафон барысында өңір тұрғындарымен 20-дан астам кездесу өткізіліп, Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттық сауалдары жазылған 500-ден астам кітапша таратылды. Отырар ауданында марафоншылар ҚХП атынан аудандық мәслихат депутаты Әбсаттар Асанмен кездесіп, өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.

Ордабасы ауданында партия мүшелері-спортшылар ҚХП аудандық комитетінің ашылуына қатысты. Марафоншылар жол бойында Түркістан облысының тарихи және туристік нысандары мен көрікті жерлерін аралады.

ҚХП Түркістан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерахан Ахмет спортшыларды мәре сызығында қарсы алып, оларды марафонның сәтті аяқталуымен құттықтады.

Салтанатты кездесуде скандинавиялық жүріс бойынша өңірлік федерация бюросының мүшесі Атаян Исаев биыл желтоқсанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 адамның қатысуымен тағы бір марафон өткізуді ұсынды. Оның бастамасы қолдау тапты. Марафонға қатысушылар облыстық партия комитетінің грамоталарымен марапатталды.

ҚХП Түркістан облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS