fbpx

Өрттің алдын алу үшін... Сейсенбі, 15 Маусым 2021 09:49

ҚХП Түркістан облыстық филиалының активі Түркістан қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің алаңында қоғамдық пікірталас өткізді.

Жиында жаз мезгілінде орман алқаптарында және жайылымдарда болатын өрттің алдын алу мәселесі талқыланды.

Өрт сөндіру бөлімі бастығының ақпаратынша, өрттің алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Жеке құрам өртті сөндіруге қажетті құрал-жабдықпен тиісінше жабдықталған.

Өрт сөндірушілер көпшілікке өрттің алдын алу және сақтық шаралары туралы ақпарат тарату үшін волонтерлердің көмегі қажет екенін айтты.

Партия өкілдері №1 МӨСБ акциялары мен іс-шараларына қатысуға дайын екенін жеткізді.

ҚХП Түркістан облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS