Досай Кенжетаев – ХҚТУ профессоры. Сондықтан отандық білім беру саласының мәселелері оған жақсы таныс және ол бұған немқұрайлы қарамайды. Сайлаушылар алдында сөз алған кандидат білім беру жүйесінің мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып, ҚХП-ның сайлауалды бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.
– Білім қолжетімді болуы керек. Ол үшін тегін білім алуға көшу маңызды. Қажеті шамала жоғары оқу орындарының санын қысқарту арқылы білім сапасын арттыра аламыз және экономиканың қажеттілігіне байланысты бағдарламаларды қайта қарауға бейілдіміз, – деді Досай Кенжетаев.
ҚХП бастамашы болған әлеуметтік және экономикалық өзгерістер туралы штаб жетекшісі Ерахан Ахмет толығырақ мәлімдеді.
– Міндің көздегеніміз – әлеуметтік мемлекет құру, – деді ол.
Сайлаушылар партия бағдарламасын жоғары бағалады.
ҚХП-ның Түркістан облысы бойынша сайлауалды штабы