fbpx

Кәсіптік білімге – жаңаша көзқарас Бейсенбі, 18 Ақпан 2021 08:40

ҚХП Түркістан облыстық комитетінің бастамасымен гуманитарлық техникалық колледж базасында «Білім беру үдерісін жаңғырту және колледждің техникалық жабдықталуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға оқу орнының оқытушылар құрамы мен оқушылары, білім ардагерлері мен партия белсенділері қатысты.

Шара тақырыбы 2019 жылы іске қосылған «Жас маман» жобасының іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында таңдалды. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – сұранысқа ие 100 мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу. Дайындалған жұмысшы кадрлар еш қиындықсыз жұмысқа орналасуы керек. Тиісінше, жоба тікелей және жанама түрде нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді.

Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінің өзіндік тарихы бар. Бұл екі білім ордасының – педагогикалық және индустриялық техникумдардың біріктірілуінен туындаған. Мұнда электромеханик, логист, дизайнер секілді мамандардан бастап бағдарламашыларға дейінгі түрлі мамандық иелері оқытылады. Партия мүшелері көз жеткізгендей, колледж уақытпен бірге алға жылжып, практикалық жұмыс дағдысы бар мамандарды даярлау үшін өзінің өндірістік-оқыту базасын үнемі жетілдіріп отырады. Колледж студенттер тікелей кәсіпорындардың жұмысына араласып, тәжірибе жинайды. Қазіргі уақытта бірінші курс студенттері мен түлектері күндізгі бөлімде оқиды, ал қалғандары қашықтан білім алуда. Кездесу бастамашылары студенттермен әңгімелесті. Олардың оқу сапасы, оқу ақысын төлеу, жеңілдіктер туралы пікірлерін біліп, ұсыныстарын тыңдады. Оқытушылар мен тәлімгерлер жалақы, қашықтан оқытудың қиындығы, әдістемелік әзірлемелер туралы айтты. Шеберлер практикалық оқыту тұрғысынан өз тәжірибесімен бөлісті. Өз кезегінде партиялықтар Қазақстан Халық партиясының қызметі, оның парламенттік фракция, мақсаттары мен жетістіктері туралы ақпарат берді.

Кездесу қорытындысы бойынша «Жас маман» жобасын іске асырудың сәтті қадамдары, колледждердің мамандарды даярлаудың жаңа заманауи деңгейіне шығу, оларды еңбек ортасына бейімдеу, сұранысқа ие кадрларды даярлау қажеттілігі атап өтілді. Сондай-ақ орта арнаулы оқу орындары өздерінің техникалық базасын жаңартуға, процесті компьютерлендіруге, цифрландыруды енгізуге мүмкіндік беретіндей етіп қаржыландыруды ұлғайту жайы айтылды.

ҚХП Түркістан облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS