fbpx

Ардагерге құрмет көрсетті Жұма, 26 Ақпан 2021 08:25

Қазақстан Халық партиясы Түркістан облыстық комитетінің хатшылары Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ардагері Құрбанай Ахметұлы Мүбәраковқа барып шықты. Бұл шара 23 ақпан Отан қорғаушылар күніне орайластырылды.

Құрбанай Ахметұлы 98 жаста. Ол елді Үшінші Украин майданының құрамында фашистік басқыншылардан қорғады. Соғыстан кейін темір жолда жұмыс істеді, отбасын құрды, бала тәрбиеледі. Ардагердің өмірі оңай өрілген жоқ. Бірақ ол барлық қиындықтарды еңсеріп, болашаққа үлкен үмітпен қарады. Майданда ерлік пен батылдық көрсетсе, еңбекте адалдық пен әділдік танытты. Қазіргі уақытта ақсақал Түркістанда, өзінің ізін жалғап, темір жолда жұмыс істеген ұлының қолында тұрады.

Партия комитетінің хатшылары Ерахан Ахмет пен Ысқақ Ахметов ардагерді құттықтап, деніне саулық тіледі. Ақсақалдың естеліктеріне құлақ түрді. Сыйлықтарын табыс етті.

– Біз ардақты ардагерді құттықтап қана қоймай, оның лайықты өмірі мен адами қасиеттеріне деген құрметімізді білдіргіміз келді. Оның біз үшін үлкен маңызы бар. Біз Құрбанай Ахметұлына бейбіт аспанымыз үшін, ерен еңбегі үшін алғыс білдіреміз. Өкінішке қарай, Түркістанда екі соғыс ардагері ғана қалды. Сондықтан біз оларға құрмет көрсетуге тиіспіз, – деді ҚХП Түркістан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерахан Ахмет.

ҚХП Түркістан облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS