fbpx

Ауыз судың сапасы алаңдатып отыр Сейсенбі, 13 Сәуір 2021 10:14

ҚХП Түркістан облыстық комитетінің активі өңірдегі ауыз судың сапасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. Іс-шараға «Түркістан-Су» компаниясының өкілі, қала тұрғындары, партия белсенділері қатысты.

Судың жетіспеушілігі мен сапасы бүкіл әлемде өзекті екені анық. Ол Түркістан облысында да бар. Түркістанның орталығы қарқынды түрде салынып жатқанына, оған республикалық және жергілікті бюджеттерден қомақты қаражат бөлінгеніне қарамастан, көптеген мәселелер шешілмеген. Оның ішінде сумен жабдықтау жайы өзекті болып тұр.

Түркістан қаласының маңында тұратын тұрғындар ауыз судың жоқтығын шешу үшін атқарушы билік органдарына бірнеше рет жүгінген. Ал әзірге суды құдықтардан алып отыр. Мысалы, Теке ауылында су құбыры жүргізілген, бірақ краннан су аққан жоқ әлі. Ауыл тұрғындары құдықтардан су алып, оны пластикалық бөтелкелерде сақтайды. Қала маңындағы тұрғындардың айтуынша, су тұзды. Сондықтан оны ішуге де, бақшаны суаруға да болмайды. Бұрын ауылға су беру ескі желі бойынша жүзеге асырылған екен. Бірақ санитарлық-эпидемиялық қызмет тыйым салған. Себебі оның құрамында көптеген зиянды заттар бар. Шынында да, кейбір тұрғындар бүйрек пен асқазан ауруына шалдыққан.

Партия активінің дерегінше, Түркістан облысында сумен қамтамасыз етуге 24 миллиард теңге бөлінген. Оған 155 ауылды сумен қамтамасыз ету міндеттелген.

Тағы бір мәселе облыс орталығының тұрғындарына қатысты. Биік үйлерде су жоғарғы қабаттарға жетпейді. Ал тұрғындар суды сатып алуға мәжбүр. Енді бірі сыздықтаған судан қор жинап, күн көруде.

Кездесуде облыс аумағындағы өзендер мен су қоймаларындағы судың сапасы да айтылды. Белгілі болғандай, Ақсу өзеніндегі су ең таза болып саналады, ал ең ласы Сырдария өзеніндегі су. Ол тек өнеркәсіптік пайдалануға жарамды.

Талқылау қорытындысы бойынша Түркістан облысындағы сумен жабдықтау жағдайы бойынша ескертулер мен ұсыныстар қамтылған құжат дайындалды. Бұл ұсыныстар облыс, қала және аудан әкімдіктеріне, «Түркістан-Су» компаниясына жолданатын болады.

ҚХП Түркістан облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS