fbpx

Береке мен бірлік – бейбіт күннің кепілі Сәрсенбі, 05 Мамыр 2021 09:12

ҚХП Шымкент қалалық комитеті дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға «Қоғамдық келісім», Шымкент қалалық Ішкі саясат басқармасының, Д.Қонаев атындағы қор өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен қалалық комитеттің белсенділері қатысты.

Пікірталасты ұйымдастырушылар атап өткендей, біздің елде жүзден астам ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімді ту етіп өмір сүріп жатыр.

– Халық бірлігі – еліміздің басты жетістігі. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді сақтау Тәуелсіз Қазақстанның негізгі табыстарының біріне айналғаны анық, – деді олар.

Саяси қайраткерлердің пікірінше, ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып саналады. Әрине, бұл саясат 30 жыл бойы үлкен эволюциядан өтті. Бірақ оның негізгі принциптері осы жылдар ішінде өзгеріссіз қалды. Бұл дегеніміз – қазақ халқының өзін-өзі билеу құқығы және оның барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктердің қарастырылуы.

– Соңғы жылдары ұлттық қауіпсіздік мәселесі елімізде әр түрлі уақытта орын алған террорлық шабуылдарға байланысты өзекті бола түсуде. Бұл жағдайдар баршаға бейбіт күннің қаншалықты нәзік екенін және оны қорғаудың қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетті, – деді қатысушылар.

ҚХП Шымкент қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS