Іс-шараға экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мен қаржы басқармасының қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері, қоғам қайраткерлері мен комитет белсенділері қатысты.
Пікірталасқа қатысушылар жан басына шаққандағы ең төменгі номиналды ақшалай табыс оңтүстік өңірге тиесілі екенін атап өтті. Шымкентте бұл көрсеткіш 79,1 мың теңгені құрайды. Статистикаға сәйкес, елімізде
бір қызметкердің номиналды орташа айлық жалақысы – 223 213 теңге. Шымкентте орташа жалақы – 135 410 теңге, оның 60%-ы азық-түлікке жұмсалады.
– Ресми статистикада халықтың табысы өсіп, кедейлердің саны қысқарып жатыр делінеді. Бұл – жалған, – деді партия белсенділері.
ҚХП Шымкент қалалық комитеті