Қатысушылардың айтуынша, мегаполис мәртебесі қала аумағын абаттандыру мәселелеріне қойылатын талаптарды күшейтті. Халық саны мен тұрғын үй массивтері өсуде, коммуналдық қызмет те жақсаруы тиіс. Осы мәселе бойынша, әсіресе, жаңа шағын аудандарда шешілмеген сұрақтар бар.
- "Асар-2", "Ынтымақ – 2" шағын аудандары мен қаланың басқа да аудандарында ауыз су мәселесі өте өзекті, - деп атап өтті шымкенттіктер.
Шағын аудандарда электр желілері мен газбен жабдықтауға қосылу қиындықтары бар, жолдар жөндеуді, ал көшелер жарықтандыруды қажет етеді. Әкімдік өз тарапынан мәселелерді шешуге, жаңа инженерлік желілерді жөндеуге және салуға уәде береді, бірақ қала тұрғындары шенеуніктердің уәделеріне сенбейді. ҚХП Шымкент филиалының белсенділері атқарылған жұмыстардың мерзімі мен сапасын бақылау үшін ҮЕҰ өкілдері мен қоғамшылдардан тұратын қоғамдық мониторинг тобын құруды ұсынды.
ҚХП Шымкент қалалық филиалы