fbpx

Азаматтық сектормен ынтымақтасты жандандыруды ұсынды Бейсенбі, 29 Шілде 2021 11:28

ҚХП Шымкент қалалық филиалы «Сана сезім», «Ана үйі», «Д.А.Қонаев» қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығын нығайту мәселесін талқылады.

Үкіметтік емес ұйымдардың көбеюі олардың қызметіне деген сұранысты көрсетеді. Үкіметтік емес ұйымдар жергілікті жердегі мәселелерді жақсы біледі және оның шешілуіне ықпал етеді. Осылайша әлеуметтік шиеленістің түйінін тарқатуға қатысады. Сарапшылардың пікірінше, бастамашыл топтарды қолдау арқылы олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға болады.

Бұл өз кезегінде тоқыраудың алдын алады. ҚХП Шымкент қалалық филиалы күні бүгінге дейін 30-дан астам заңды тұлғалармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазір ҚХП қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында «Сана сезім» қоғамдық бірлестігі әйелдер мен мигранттарға құқықтық көмек көрсетеді. Ал «Ана үйі» орталығы 5 жылдан бері ҚХП Шымкент қалалық филиалымен бірге «Шапағат» жобасын жүзеге асыруға атсалысып келеді.

Қатысушылар волонтерлік қозғалыспен үкіметтік емес ұйымдардың арасында байланыс орнатуды жандандыру қажет деп санайтынын жеткізді.
Сонымен қатар ардагерлер кеңесімен өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.

ҚХП Шымкент қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS