Бүгінгі таңда Шымкент табиғи газбен 92,1% қамтылған. Қаланың шетіне газ құбыры жетпеген. Мегаполисте сағатына 180 мың текше метр табиғи газ өндіріледі, ал қажеттілік сағатына 250 мың текше метрді құрайды. Көлемді арттыру үшін АГРС-3 салу туралы шешім қабылданды. Қазір қала аумағында 8 газбен жабдықтау нысанының құрылысы жүріп жатыр.
Новостройка шағын ауданы мен Қайнар-бұлақ кентін газдандыру 2022 жылдың соңында аяқталады. Бұл үшін республикалық бюджеттен 9 млрд теңге бөлінді.
Талқылау қорытындысында газбен жабдықтау нысандарына мониторинг жүргізу ұсынылды. Бұған қоса жеке тұрғын үйге газ қосу кезінде азаматтардың материалдық жағдайы мен әлеуметтік мәртебесін ескеру, тиісті қаржыны бөліп төлеу мүмкіндігін қарастыру мәселесі күн тәртібіне қойылды.
ҚХП Шымкент қалалық комитеті