fbpx

Пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылады Дүйсенбі, 06 Қыркүйек 2021 12:54

ҚХП Шымкент қалалық филиалы онлайн-режимде «Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару үдерісінің тиімділік деңгейі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

2021 жылғы қаңтарда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою мерзімін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқарту, космомониторинг деректері негізінде оларды сот тәртібімен қайтару бойынша заң жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде. Қазірдің өзінде 54,7 гектар жер телімі қайтарылды. Қалада барлығы 1 546 игерілмеген жер телімі бар. Биыл Шымкентте жерді алып қою 12 млрд теңгеге шығады. Учаскелерде мектептер, жолдар, магистральдық және ішкі инженерлік жүйелер салу жоспарлануда. Аэроғарыштық түсірілім арқылы тұрақты мониторинг жалғасуда, барлық деректер геопорталда жарияланады.

Талқылау қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар игерілмеген жер учаскелеріне міндетті түрде белсенді мониторинг жүргізуді; Сайрам, Ордабасы және Төлеби аудандарының есебінен Шымкент агломерациясына қосылған 76 мың гектарда игерілмеген жерлердің қанша пайызы жатқанын және оларды игеру қашан басталатынын анықтауды; түгенделген жер телімдерінің іске қосылуына жол бермей, олардың тиімді пайдаланылуын бақылауды ұсынды.

ҚХП Шымкент қалалық филиалы

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS