Өткен жылғы мәлімет бойынша, азаматтардың экономикалық және әлеуметтік жағдайының нашарлауына байланысты үйсіз адамдардың саны 36%-ға өскен. Үйдің болмауының негізгі себептері: ішімдікке салыну, ажырасу және жұмыстың болмауы. Балалар үйінің түлектері, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдар, сондай-ақ алаяқтардың құрбандары да баспанасыздардың қатарында болады.
Шымкентте 20 жылдан бері өмірдің қиын жағдайына тап болған 160 адамды қабылдай алатын әлеуметтік бейімдеу орталығы жұмыс істейді. Қазір бейімдеу орталығы ПТР тест пен ЖСН жоқтарды қабылдай алмайды. Алдағы суықтарды ескерсек, бұл жағдайдан шығу жолын қарастыру қажет.
Талқылауға қатысушылардың пікірінше, қазіргі уақытта үйсіздердің проблемасын нақты шешу мүмкін емес, сонымен қатар олардың құқықтық мәртебесін анықтау және бекіту категориясы жоқ.
Шымкент сияқты мегаполис үшін бір әлеуметтік бейімдеу орталығы жеткіліксіз, кем дегенде тағы екі орталық қажет.
ҚХП Шымкент қалалық филиалы