fbpx

Маргинал топтар қоғамға қауіп төндіреді Сәрсенбі, 27 Сәуір 2022 16:11

ҚХП Шымкент қалалық филиалында экстремизм қаупін төндіруі мүмкін маргиналды топтардың мәселесі талқыланды.

Қалалық филиал төрағасы Н.Қадырқұлов ауылдан қалаға қоныс аударған кейбір жастар маргиналданып, экстремистік идеяның тұзағына түсетінін атап өтті. Оның айтуынша, мұның алдын алу үшін дін мәселелері бойынша маман даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты ұлғайту қажет.

– Тұрмысы төмен отбасылармен, жұмыссыз жастармен үнемі байланыста болу керек. Парламент деңгейінде, салалық органдар мен қоғамдық ұйымдарда алдын ала талқылап, салафиттік ағымға заң бойынша тыйым салу мәселесін қарастыру қажет, – деді Н.Қадырқұлов.

ҚХП Шымкент қалалық филиалы

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS