fbpx

Депутаттық сауалдар халық тілегімен үндесіп жатыр Дүйсенбі, 22 Ақпан 2021 08:29

ҚХП Шымкент қалалық комитеті «Партия дауысы» акциясын өткізді. Акция аясында «Самал» базары аумағында ҚХП фракциясының депутаттық сауалдары жазылған кітапшалар мен парақшалар таратылды.

Халыққа үлестірілген депутаттық сауалдардың тақырыбы да сан алуан. Мәселен, депутаттар АИТВ инфекциясын емдеуге арналған препараттардың қымбатқа сатып алу, аграрлық саланың ғылыми әлеуеттің арттыру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік нормаларын қолдануға және жерді шетелдіктерге жалға беруге тыйым салу секілді мәселелерді көтерді. Бұдан бөлек, Семей полигонындағы сынақтардан зардап шеккендер үшін жеңілдіктерді арттыру қажеттілігі және ынтымақты зейнетақы жүйесіне қайта оралу туралы бастамалар да айтылды.

220221 Shimk 1220221 Shimk 2
– Ең төменгі жалақыны көбейту және әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы депутаттық сауалдар халықтың ерекше қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ халықаралық қағидаттарға сәйкес өмір сүру сапасы мен деңгейінің әлеуметтік стандарттарын әзірлеу жөніндегі ұсыныстар жылы қабылданды, – дейді ҚХП Шымкент қалалық комитетінің белсенділері.

ҚХП Шымкент қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS