fbpx

Қазақстанның ипотекалық қолжетімділігі төмен Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 08:30

ҚХП Шымкент қалалық комитеті қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешу тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Оған құрылыс саласы қызметкерлері кәсіподағының, ҮЕҰ-дың өкілдері, қоғам және партия белсенділері қатысты.

Тұрғын үй – Қазақстан үшін ең өзекті мәселелердің бірі. Тұрғын үй сатып алу үшін қолданыстағы құралдар жеткіліксіз. Ипотеканың қолжетімділігі бойынша Қазақстан 109 елдің ішінде 74-орында тұр. Бастапқы жарна өте жоғары және көптеген отбасылар үшін қолжетімді емес. Көптеген шектеулерге байланысты «7-20-25» бағдарламасы іс жүзінде дұрыс жүзеге асырылмай отыр. Зейнетақы жинақтарын алу да мәселені түбегейлі шешкен жоқ. Қайта, нарықтағы бағаны шарықтатып жіберді.

ҚХП бірнеше рет елдегі тұрғын үй мәселесін шешудің өзіндік әдістерін ұсынды. Атап айтқанда, партия жайлы және қауіпсіз жағдайларда өмір сүру сапасының ең төменгі стандарттарын заңнамалық тұрғыдан бекіту қажеттілігін көтерді. Сонымен қатар жас отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендетуді, мемлекеттік деңгейде шаршы метрдің қолайлы құнын белгілеуді және мұқтаждарды қолдау үшін қосымша құралдарды енгізуді ұсынды. Сондай-ақ әрбір отбасына үй салып, шаруашылық жүргізу үшін 20 сотық жер бөлу, инфрақұрылымды міндетті түрде жергілікті әкімдіктер есебінен жүргізу туралы бастама да көтерілді.

Пікірталас көрсеткендей, жұртшылық ҚХП ұсыныстарын қолдайды.

– Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істегенімен, мұқтаждардың барлығын қамти алмайды, – деді Шымкент қаласы және Түркістан облысы құрылыс саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Абдурайра Манахов.

Қоғам қайраткері Марат Давесов ҚХП-ның отбасыларға 20 сотық жер бөлу туралы ұсынысын жоғары бағалады.

– Жеке тұрғын үй жайлылық пен қауіпсіздік тұрғысынан көппәтерлі үйлерге қарағанда әлдеқайда жақсы, – деді ол.

Пікірталас қорытындысы бойынша Шымкент қалалық комитеті жергілікті атқарушы органдарға органдарға ұсынымдар әзірледі.

ҚХП Шымкент қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS