fbpx

Тарихты бұрмалауға болмайды Дүйсенбі, 01 Наурыз 2021 09:20

ҚХП Шымкент қалалық комитеті «Ұлы Отан соғысы тарихын бұрмалау қоғамдағы патриотизмнің маңыздылығын төмендетуге бағытталған ақпараттық фактор» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді.

Іс-шараға Шымкент қалалық білім басқармасы әдістемелік орталығының, ҮЕҰ өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қалалық комитеттің белсенділері қатысты.

– Соңғы уақытта қоғам тарихи оқиғаларды бұрмалау жағдайларына жиі ұшырауда. Тарихи фактілердің бұрмалануы ұлт патриотизмін қалыптастыратын құндылықтардың жойылуы сияқты жағымсыз салдарға әкеледі. Сонымен қатар тарихты бұрмалау қазіргі ақпараттық соғыстың басты тақырыбы болып табылады, – деді ҚХП белсенділері.

Пікірталасқа қатысушылар жыл сайын КСРО-ның Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында өтірік күшейіп келе жатқанын, оның мақсаты кеңес жауынгерлерінің теңдесі жоқ ерлігін жоққа шығару екенін атап өтті. Мәселе соңғы уақытта халықаралық ауқымда айтылп бастады. Бұрмалаушылықтың себебі Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелерін қайта қарауға, сәйкесінше меншік пен аумақтарды қайта бөлуге деген ұмтылыста жатыр. Олар айтқандай, алдымен тарих қайта жазылады, содан кейін мүлік қайта бөлінеді.

– Тарихты бұрмалаушылар белгілі бір «нақты» пайымдаулардың көзін мүлдем көрсетпеуі мүмкін. Олар жоқ басылымдарға немесе бастапқы дереккөз болып табылмайтын басылымдарға сілтеме жасай салады, – деді партиялықтар.

Педагогтардың айтуынша, Ұлы Отан соғысы тарихының бұрмалануы өскелең жастарға үлкен зиян келтіреді. Оқулықтарда жаппай ерлік туралы жалпылама мәліметтер келтірілген. Ал жеңістің жолы, соғыстың нәтижелері мен сабақтары туралы материалдар бұрмаланған.

Кезінде Қазақстан Халық партиясының фракциясы Білім және ғылым министрінен Қазақстан тарихы оқулықтарындағы Ұлы Отан соғысына қатысты тарихи фактілерді неліктен ауыстырылғанын түсіндіруді талап еткен болатын.

– Тарихты, әсіресе, Ұлы Отан соғысы тарихын бұрмалауға жол беруге болмайды. Өлгендердің аруағын қорлауға жол жоқ. Біз олардың ерліктерін есте сақтауымыз керек. Еске алу – біздің оларға жасай алатын ең ізгі амалымыз, – деді қатысушылар.

ҚХП Шымкент қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS