fbpx

Балаларды бірге қорғайық! Жұма, 05 Наурыз 2021 12:31

Қазақстан Халық партиясы Шымкент қалалық комитеті кезекті «Партия дауысы» акциясын ұйымдастырды. Іс-шара «Верхний» базарында өтті. Акция шеңберінде ҚХП фракциясының жақында жарияланған депутаттық сауалдары жазылған парақшалар мен кітапшалар таратылды.

Комитет белсенділері атап өткендей, депутаттық сауалдардың басым бөлігі әлеуметтік сипатқа ие. ҚХП фракциясы «Әлеуметтік бірлік және азаматтардың әл-ауқаты» ұлттық жобасын әзірлеуді ұсынды. Жоба кедейлікті нақты бағалау және оны азайту жөніндегі шараларды, сондай-ақ әлеуметтік теңсіздік өлшемдерін әзірлеуді көздейді. Сонымен қатар жұмыспен қамту тәсілін өзгерту, білікті және жақсы төленетін тұрақты жұмыс орындарын құруға көшу ұсынылды.

– Қазақстандықтардың әл-ауқаты деңгейінің нақты нысаналы бағдарын айқындау қажет. Яғни, табыс деңгейі, ЖТҚ-ға қолжетімділік, зейнетақы мөлшері, білім беру мен медицинаға қолжетімділік ескерілуі керек, – делінген депутаттық сауалда.

ҚХП фракциясы көтерген тағы бір мәселесі жерге қатысты. Әрбір қазақстандық отбасыға шаруашылық жүргізу және үй салу үшін 20 сотық жер телімін беру керек. Осыны заң жүзінде заңдастырған жөн.

050321 Shimk 1050321 Shimk 2
Сондай-ақ партиялықтар Үкіметті ана мен баланы мемлекеттің ұлттық басымдығы деп жариялауға және балалардың кедейлігін, сырқаттанушылығын, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты азайтуға күш сала отырып, осы саладағы саясатты түбегейлі өзгертуге шақырды. Сондай-ақ партия балаларға арналған жеке объективті тұтыну себетін әзірлеуді ұсынды. Онда баланың толық дамуы үшін негізгі компоненттерді, оның ішінде тамақ өнімдерін, гигиена құралдарын және балаларды дамыту орталықтарына кіру мүмкіндігін есептеу ұсынылды.

ҚХП Шымкент қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS